date

Канчельскис: Мені Англияда әлі де таниды


Бұрынғы "Эвертон" және "Манчестер Юнайтед" футболшысы Андрей Канчельскис Англиядағы мансабы мен Дэвид Мойес басқарған кездегі тәжірибесі туралы пікір білдірді. "Эвертонның" жаңа стадионында менің жейдемді іліп қойыпты.

Сонымен қатар, менің жейдем "Манчестер Юнайтед" музейінде де сақталған. Мені Англия көшелерінде, әсіресе стадиондарда жиі таниды, барлығы мені құрметтеп, қадірлейді," – деді Канчельскис "RB Sport" порталына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Канчельскис Англияда өзінің мансабында жалпы он жыл өткізген. Ол "Манчестер Юнайтед", "Эвертон", "Манчестер Сити" және "Саутгемптон" секілді клубтардың намысын қорғаған.

Қазіргі таңда 56 жастағы жаттықтырушы Ресейдің Екінші лига А бөліміндегі Брянск "Динамо" клубын басқарады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Канчельскис: Мені Англияда әлі де таниды