date

Пол Мерсон: Микель Мерино шабуылда ойнамауы керек


Лондонның "Арсенал" клубының бұрынғы футболшысы Пол Мерсонның пікірінше, Микел Мерино шабуыл шебінде тұрақты түрде ойнамауы тиіс. Өткен турда "канонирлер" "Астон Вилладан" 1:2 есебімен жеңіліске ұшырады.

Микел Артета командасы әлі де Премьер-Лигада көш бастап тұр, бірақ "Манчестер Ситиден" айырмашылығы тек екі ұпайға қысқарған, ал "Астон Вилла" үш ұпай кем көрсеткішпен келе жатыр. Мерсонның айтуынша, "Астон Виллаға" қарсы матчта Мериноны шабуылға қою – қателік болған.

"Иә, ол маңызды голдар соққан, бірақ мұндай ойындарда қарсылас мықты дайындықта болады. Осындай кездесулер үшін Виктор Гйокереш секілді ойыншы керек еді.

Қажетті ойыншы үшін үлкен қаржы жұмсайсыз да, оны қатарынан үш матчқа қосалқы құрамда қалдырасыз. Егер Гйокереш жарамды болса, неге ол ойнамайды?

Бұл шешімді түсіне алмаймын. Мұны бұрын да айтқамын және қайталаймын: "Арсенал" егер шабуылда Мериноны жалғастырса, Премьер-Лиганы жеңіп ала алмайды", – деп Мерсонның сөзін Arsenal News Channel жеткізді.

Сонымен қатар, "Арсенал" сенбі күні өз алаңында "Вулверхэмптонды" қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Пол Мерсон: Микель Мерино шабуылда ойнамауы керек