date

Мохамед Салах "Брайтонға" қарсы ойында қатысады


Мохамед Салах "Ливерпуль" командасының "Брайтонға" қарсы өтетін келесі матчына тізімге енгізілді. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.

33 жастағы вингер бұған дейін Чемпиондар лигасының "Интермен" өткен ойынына (1:0) қатыспаған еді. Бұған Салахтың клуб пен бас бапкер Арне Слотқа көңілі толмайтынын білдірген сұхбаты себеп болған.

"Ливерпуль" бас бапкері Арне Слот 12 желтоқсан күні футболшымен әңгіме өткізетінін және оның болашағы туралы жағдайды анықтайтынын мәлімдеген еді. Көрініп тұрғандай, тараптар өзара келісімге келген.

Ағымдағы маусымда Мохамед Салах 19 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мохамед Салах "Брайтонға" қарсы ойында қатысады