date

Тоттенхэмнің 16 турдағы 22 ұпайы соңғы 17 жылдағы ең төменгі көрсеткіш

Тоттенхэмнің 16 турдағы 22 ұпайы соңғы 17 жылдағы ең аз көрсеткіші
Тоттенхэм жексенбі күні өз жанкүйерлерін көңілсіз қалдырып, қонақта Ноттингем Форесттен 0:3 есебімен жеңілді. Қазіргі таңда Лондон клубы Англия Премьер-лигасының 16 ойынынан бар болғаны 22 ұпай жинаған.

Opta мәліметіне сәйкес, Тоттенхэм соңғы рет чемпионаттың алғашқы 16 кездесуінен осындай төмен ұпайды 2008/2009 маусымында жинаған. Сол кезде 16 турдан кейін команда 18 ұпайға ие болып, маусымды сегізінші орынмен аяқтаған.

Қазір Тоттенхэм Премьер-лига кестесінде 11-орында тұр. Томас Франк жетекшілік ететін команда келесі кездесуді 20 желтоқсан күні Ливерпульге қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэмнің 16 турдағы 22 ұпайы соңғы 17 жылдағы ең төменгі көрсеткіш