date

Ив Биссума күлдіргіш газ үшін кешірім сұрады


Лондонның "Тоттенхэм" клубының жартылай қорғаушысы Ив Биссума азот тотығы, яғни "күлдіргіш газды" дұрыс пайдаланбағаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады. Аталған зат кейбір елдерде заңды болғанымен, есірткі заттары ретінде танылған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде футболшының қатысуымен осы жағдайды көрсеткен видео таралған болатын. Биссума бұл әрекетін жазда үйіне ұрылар түсіп, күйзеліске түскенімен түсіндірді.

Ол кезде футболшы жалпы құны бір миллион фунт стерлинг болатын ақша мен құнды заттарынан айырылған. Футболшының айтуынша, әлі де тыныш ұйықтай алмайды және көбінесе түндерді үйінде өткізбейді.

"Бұл мен үшін де, имиджім үшін де жаман екенін білемін, себебі мен кәсіби футболшымын. Өте өкінемін, жанкүйерлерден кешірім сұраймын.

Бұл оқиғалар менің ішімде бірнәрсені күйретті: қорқыныш, дүрбелең, паранойя, депрессия, ұйқысыздық және өзіме деген сенімділіктің үнемі жоғалуына әкелді", – деп футболшының сөзін The Sun басылымы келтіреді. 2025/2026 жылғы маусымда әзірге бір минут та алаңға шықпаған Биссума енді ойынға және күшін тек футболға арнайтынын уәде етті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ив Биссума күлдіргіш газ үшін кешірім сұрады