date

"Ливерпуль" Салахтың орнына "Борнмут" вингерін сатып алмақ


«Борнмут» ойыншысы Антуан Семеньо Англия Премьер-лигасының қазіргі чемпионы «Ливерпуль» командасының трансферлік тізіміне енді. Indykaila News әлеуметтік желілерде таратқан мәліметке сәйкес, мерсисайдтық клуб «шиегүлдерге» 25 жастағы футболшыны сатып алу туралы ресми ұсыныс жасаған.

Ақпарат көзіне сүйенсек, Семеньо «қызылдардың» шабуыл шебінде мысырлық Мұхаммед Салахтың орнын баса алады. Салахтың клубпен қарым-қатынасы соңғы кездері нашарлап кеткені атап өтілген.

Ганалық футболшының нарықтық бағасы 65 миллион еуроға тең деп бағалануда. Ағымдағы маусымда Семеньо «Борнмут» сапында 15 матчқа шығып, 6 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Ливерпуль" Салахтың орнына "Борнмут" вингерін сатып алмақ