date

Ден Бьорн ойыннан кейін ауруханаға жеткізілді


“Ньюкасл” орталық қорғаушысы Дэн Бьорн 14 желтоқсанда өткен “Сандерлендпен” ойында (0:1) ауыр жарақат алды. Бьорн бірінші таймның соңында қарсыласпен қатты соқтығысқаннан кейін ауыстырылды.

Ойыннан кейін “Ньюкасл” бас бапкері Эдди Хау қорғаушының тыныс алуы қиындағанын айтып, футболшының ауруханаға жіберілгенін хабарлады. The Daily Mail басылымының мәліметінше, Бьорнның қабырғасы сынғаны анықталған.

Ол бірнеше апта бойы ойыннан тыс қалады. Ағымдағы маусымда ағылшын футболшысы барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ден Бьорн ойыннан кейін ауруханаға жеткізілді