date

Маресканың «Челсидегі» соңғы ойынының күні аталды

Маресканың «Челсидегі» соңғы ойынының күні аталды

Лондонның «Челси» клубында бас бапкер Энцо Маресканың болашағы әлі де бұлыңғыр. Беделді инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, маманның жақын арада қызметінен кету ықтималдығы жоғары. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды.хабарлайды.

Дереккөзге сүйенсек, Мареска «Челсиді» соңғы рет 30 желтоқсанда алаңға шығаруы мүмкін. Клуб басшылығы Мадридтің «Реалындағы» Хаби Алонсоға қатысты жағдайды мұқият бақылап отыр және мүмкіндік туса, испаниялық бапкерді шақыруға дайын.

Бұған қоса, қауесеттерге қарағанда, «Реал» Алонсоның орнын басатын нұсқаны алдын ала белгілеп қойған. Сондықтан бапкерлерге қатысты өзгерістер алдағы күндері орын алуы мүмкін.

Еске салайық, Премьер-лиганың 18-турында «Челси» өз алаңында «Астон Виллаға» 1:2 есебімен есе жіберген еді.

Қазір «көктөрілер» турнир кестесінде 29 ұпаймен бесінші орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Маресканың «Челсидегі» соңғы ойынының күні аталды