«Реал» Мохамед Салах нұсқасынан бас тартты

Жұлдызды шабуылшы Мохамед Салахтың агенттері оның қызметін бірқатар клубтарға ұсынды. Үміткерлердің арасында Мадридтің «Реал» клубы да болды. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.
Defensa Central мәліметінше, «Реал» Салахты жалға алу нұсқасынан бас тартты. Мадридтіктер келісімді тым қымбат деп бағалады: мысырлық футболшының жалға алу ақысы 12 миллион еуро болуы тиіс еді.
Сондай-ақ клуб қысқы трансфер терезесінде құрамға жаңа ойыншылар қосуды жоспарлап отырған жоқ.
Салахтың «Ливерпульмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін есептелген. Қазір 33 жастағы шабуылшы Мысыр құрамасының қарамағында.

















Пікірлер 0
…