«Манчестер Сити» Антуан Семеньо трансферін ресми жариялады

2026 жылдың осы уақытқа дейінгі ең ірі трансферлерінің бірі жүзеге асты: «Манчестер Сити» «Борнмуттан» Антуан Семеньоны өз қатарына қосты. Келісім құны — 62,5 млн фунт, қосымша ретінде 1,5 млн фунт бонус та қарастырылған.
26 жастағы ганалық вингер «қалалықтармен» 2031 жылдың жазыңа дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Бұл дегеніміз: Гвардиола (және клуб) оны «бір маусымдық нұсқа» емес, дәл ұзаққа арналған мықты жоба ретінде көріп отыр.
Семеньоның биылғы маусымдағы формасы бөлек әңгіме: АПЛ-де ол 21 ойында 10 гол соғып, 3 ассист жасады . Өткен маусымда да тұрақты ойнап, 37 матчта 11 гол және 5 ассист көрсеткішімен командасына үлкен пайда әкелген еді.
Футболшының жолы да қызық: мансабында «Бристоль Сити» құрамында қалыптасты, кейінгі кезеңдерде «Сандерлендте» де доп тепті. Енді — Англияның ең үлкен сахнасы, талаптары ең қатал команда: «Манчестер Сити».
Жанкүйерлер үшін ең маңызды сұрақ біреу: Семеньо «Ситиге» не береді? Жауап шамамен мынадай: жылдамдық, мықты бір-бірге қарсы ойын, қорғанысты бұзу және ең бастысы — гол сезімі. «Этихадта» бәсеке қатты, бірақ ол дәл осындай құрамды «тірілтетін» ойыншы типі.
Қысқасы, «Сити» 2026 жылды трансфер нарығында «ірі қадаммен» бастады. Енді кезек — Семеньоның жаңа жейдедегі алғашқы ойыны және сол классикалық сценарий: бір рет жылдамдық қосса, қарсылас қорғанысы Wi‑Fi секілді үзіліп қалады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!