«Барселонаның» Канселу туралы хабарландыруды неге өшіргені белгілі болды

«Барселона» сейсенбі күні «Әл-Хилалдан» Жоау Канселуды жалға алғанын ресми түрде жариялады, алайда көп ұзамай бұл жаңалық клуб сайтынан да, «көк-анар түстілердің» әлеуметтік желілерінен де жоғалып кетті. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Mundo Deportivo мәліметінше, каталондықтар жаңалықты уақытша алып тастады, себебі трансфер үдерісі әлі аяқталған жоқ. «Барселона» «Әл-Хилалмен» құжат алмасуды толық аяқтауы керек.
«Барселона» 31 жастағы Канселуды жазға дейін жалға алу негізінде құрамына қосып отыр. Португалиялық футболшы 2023/2024 маусымында да «Барселона» сапында жалға ойнап, 42 матчқа қатысқан.
«Барселонаның» келесі ойыны 15 қаңтар, бейсенбі күні сырт алаңда «Расингке» қарсы өтеді. Кездесу Испания Кубогының 1/8 финалы аясында ұйымдастырылады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!