date

"Барселона" Прагада 4 гол соғып, қиын жеңіске жетті (видео)

"Барселона" Прагада 4 гол соғып, қиын жеңіске жетті (видео)

УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында Ханс-Дитер Флик басқарған "Барселона" сырт алаңда "Славия Прагамен" күш сынасып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Бастапқыда, 10-минутта Васил Кушей алаң иелерін алға шығарды. 34 және 42-минуттарда Фермин Лопес дубль жасап, командасын алға шығарды. Арада 2 минут өткенде Роберт Левандовски автогол авторы атанды. Екінші таймның 63-минутында Дани Ольмо, 70-минутында Роберт Левандовски гол соғып, каталондықтардың жеңісін қамтамасыз етті.

Славия - Барселона 2:4

Голдар: Кусей (10), Левандовски (44, автогол) - Фермин (34, 42), Ольмо (63), Левандовски (71).

Славия - Штанек, Холеш (Дудера, 46), Зима, Чалупек, Мозес (Влчек, 46), Дорли, Провод, Садилек, Саньянг (Чам, 72), Хори (Шранц, 65), Кусей (Хитил, 79).

Барселона - Ж.Гарсия, Кунде, Э.Гарсия, Мартин, Бальде (Араухо, 78), Де Йонг, Педри (Ольмо, 61), Бардакчи (Рэшфорд, 61), Фермин (Бернал, 78), Рафинья, Левандовски.

Естеріңізге сала кетейік, "көк-гранаттар" осы жеңіс арқылы ұпай санын 13-ке жеткізіп, 9-орынға көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Барселона" Прагада 4 гол соғып, қиын жеңіске жетті (видео)