date

«Барселона» Альварес трансфері бойынша «Атлетикомен» келіссөздерді бастады

"Барселона" Альварес трансфері бойынша "Атлетикомен" келіссөздерді бастады

«Барселона» клубы жазғы трансферлік терезеде «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альваресті сатып алу бойынша алғашқы келіссөздерді бастады. Каталониялықтар аргентиналық әлем чемпионын командадан еркін агент ретінде кетеді деп күтіліп отырған Роберт Левандовскийдің орнына негізгі үміткер ретінде қарастыруда.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

ESPN хабарына қарағанда, 26 жастағы шабуылшы «Ривер Плейт» пен «Ман Ситидегі» қызметі кезінде де скауттардың бақылауында болған. Алайда трансфер оңайға соқпайды, себебі Альварестің келісімшартында 500 млн еуро көлемінде өтемақы белгіленген және Мадрид клубы оны кемінде 120 млн еуроға бағалап отыр.


Левандовскийдің болашағы болса Италиямен байланыстырылуда. Келесі маусымда 38 жасқа толатын польшалық шабуылшыға «Ювентус» пен «Милан» клубтары қызығушылық танытуда.

Оның жалақысының қысқаруы және қосалқы құрамға ауысуы туралы ұсыныстар футболшының көңілінен шықпай отыр.

Альварестің агенті Фернандо Идальго футболшының отбасы Каталониядан үй іздеп жатқаны туралы хабарларды жоққа шығарды. Ол бұл мәліметтерді мүлдем жалған деп атап, отбасы мүшелері Барселонада соңғы рет тек ойын күні болғанын қадап айтты.

Шабуыл шебін күшейту үшін «Барселона» басқа нұсқаларды да қарастыруда. Атап айтқанда, жалдауда жүрген Маркус Рэшфорд пен «Реал Бетис» вингері Абде Эззалзулидің үміткерлігі зерттелуде.

Сондай-ақ, Ферран Торрестің сатылуы қаржылық жағдайды жақсартуға көмектесуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» Альварес трансфері бойынша «Атлетикомен» келіссөздерді бастады