Луис Энрике Анчелоттидің ең маңызды қасиетін атады

«Зенит» шабуылшысы Луис Энрике Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелоттимен жұмыс істеу әсері туралы айтты. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Бразилиялық футболшы «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында Анчелоттидің ең үлкен күші — ойыншыларды тыңдап, олармен үнемі байланыста болуы екенін атап өтті. Энрикенің айтуынша, бапкер футболшылардан қай позицияда өздерін жайлы сезінетінін сұрап, команданың идеяларын олармен бірге қалыптастырады.
Сондай-ақ шабуылшы Анчелотти әр ойыншыға көп кеңес беретінін және футболшылардың күнделікті өміріне де барынша назар аударатынын айтты.
Еске салайық, Карло Анчелотти 2025 жылдың мамыр айында Бразилия құрамасын қабылдап алған еді. 66 жастағы маман жақын арада командамен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартуы күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!