date

Гвардиола: “Егер Челсиді жеңбесек, біз үшін бәрі бітеді…”

Гвардиола: “Егер Челсиді жеңбесек, біз үшін бәрі бітеді…”

“Manchester City” бас бапкері Хосеп Гвардиола Премьер-лигада “Челси”ге қарсы өтетін сырт алаңдағы матч команданың болашағы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, егер “Сити” “Стэмфорд Бриджде” жеңіске жете алмаса, “Арсеналға” қарсы келесі ойын алдындағы баспасөз мәслихатының өзі де мағынасын жоғалтуы мүмкін.

— “Егер біз “Стэмфорд Бриджде” жеңе алмасақ, онда келесі “Арсеналға” қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатын өткізудің де қажеті болмауы мүмкін, өйткені бәрі бітеді. Мұны бәрі біледі. Сіз білесіз, мен білемін, ойыншылар біледі”, — деді Гвардиола.

Айта кетейік, өткен турда чемпионат көшбасшысы “Арсенал” өз алаңында күтпеген жерден “Борнмуттан” 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл чемпиондық жарысты одан әрі қыздыра түсті.

Қазіргі таңда “Манчестер Сити” “Арсеналдан” 9 ұпай артта қалып отыр және қолында екі ойын қоры бар. Егер Гвардиола командасы Лондонда “Челсиді” жеңіп, 19 сәуірдегі тікелей кездесуде “Арсеналды” ұтса, ұпай айырмасын қысқартып, теңестіруге мүмкіндік алады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: “Егер Челсиді жеңбесек, біз үшін бәрі бітеді…”