Ямаль үшін маусым аяқталды ма: ӘЧ-2026-ға қатысуы да неғайбыл жоқ болып тұр
!--dle_image_end-->
Ламин Ямаль Ла Лига аясындағы «Сельтаға» қарсы матчта (1:0) жарақат алып қалды. «Барселона» вингері кездесудің бірінші таймы аяқталар тұста жарақат алып, алаңнан шығуға мәжбүр болды.
Mundo Deportivo таратқан алғашқы мәліметтерге сәйкес, тексеру жұмыстары футболшының санның артқы бұлшықетіне айтарлықтай зақым келгенін көрсеткен. Бұл жағдай оның сауығу мерзімі ұзаққа созылуы мүмкін екенін білдіреді.
Егер бұл диагноз ресми түрде расталса, 18 жастағы талантты ойыншы маусымның қалған бөлігінде алаңға шыға алмауы әбден мүмкін. Бұл тек клуб үшін ғана емес, ұлттық құрама үшін де үлкен шығын болмақ.
Сонымен қатар, Ямальдың алдағы Әлем чемпионатында бақ сынауы да күмән тудырып отыр. Әсіресе, турнирдің алғашқы матчтарында оның бой көрсету мүмкіндігі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Бүгін, 2026 жылғы 23 сәуірде футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана жарақаттың нақты деңгейі мен қалпына келу мерзімі туралы толық қорытынды беріледі деп күтілуде.
Қысқасы, Ямальға қатысты жағдай «Барселона» үшін де, Испания құрамасы үшін де үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Қазір барлық назар оның қатарға тезірек оралуына аударылған.