Meta бизнес жасанды интеллекті аптасына 10 миллион сұхбат жүргізуде

Meta компаниясының бизнеске арналған жасанды интеллект құралдары наурыз айының соңына қарай аптасына 10 миллионға жуық сұхбатты жүзеге асырды. Бұл көрсеткіш жыл басында небәрі 1 миллионды құраған болатын.
Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.
Қазіргі таңда 8 миллионнан астам жарнама беруші компанияның кем дегенде бір жасанды интеллект құралын пайдалануда. Бұл құралдар әзірге шағын бизнес өкілдері үшін тегін ұсынылып отыр.
Компания басшысы Марк Цукерберг болашақта бұл қызметтердің ақылы болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, хабарлама алмасу қосымшаларындағы бизнес жасанды интеллекті әзірге тегін болғанымен, ұзақ мерзімді монетизация моделі бойынша жұмыс жүргізілуде.
Meta өзінің бизнес өнімдеріне жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуді жалғастыруда. Атап айтқанда, өткен жылы құрылған Meta Superintelligence Labs бөлімі жасап шығарған Muse Spark моделі іске қосылды.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Meta компаниясының таза пайдасы 26,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал жалпы табыс өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға өсіп, 56,3 миллиард АҚШ долларына жетті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!