date

Amazon ғарышқа 300-ден астам жасанды серік ұшырды

Amazon ғарышқа 300-ден астам жасанды серік ұшырды

Amazon соңғы бір апта ішінде екі ұшырылымды жүзеге асырып, төмен орбиталық жасанды серіктерінің санын 300-ден асырды. Алайда компания АҚШ Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) лицензиялық талаптарынан айтарлықтай қалып келеді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

30 сәуір күні Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан «Ariane 64» зымыраны ұшырылды. Ол 2 сағаттан кейін 32 Amazon Leo жасанды серігін 465 шақырым биіктіктегі нысаналы орбитаға сәтті шығарды.

Бұған дейін, 27 сәуірде Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен «Atlas 5» зымыраны ұшырылып, ғарышқа 29 аппарат жеткізілген болатын. Осы ұшырылымдардың нәтижесінде Amazon тобындағы жасанды серіктердің жалпы саны 302-ге жетті.

Бұл жоспарланған 3 232 аппараттың 10 пайызынан да аз.

Компания 30 шілдеге дейін бүкіл топтың жартысын орбитаға шығаруы тиіс. Қаңтар айында Amazon ұшыру мүмкіндіктерінің қысқа мерзімді тапшылығын алға тартып, реттеушіден бұл мерзімді 2 жылға ұзартуды немесе мүлдем жоюды сұраған еді.

Amazon наурыз айында желіні орналастыруды жеделдету және жыл сайынғы ұшырылымдар санын 20-дан асыру ниетінде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, компания «Falcon 9» зымыранының тағы 10 ұшырылымына тапсырыс берген.

Кезекті ұшырылым 22 мамырда «Atlas 5» зымыранының көмегімен жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Amazon ғарышқа 300-ден астам жасанды серік ұшырды