АҚШ SpaceX және Amazon үшін жерсеріктерге қатысты ережелерді жаңартты

АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) жерсерік спектрін бірлесіп пайдалану ережелерін жаңартуды мақұлдады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Ескі шектеулер геостационарлық орбитадағы ескі жерсеріктерді қорғау мақсатында «Starlink» сияқты төмен орбиталық жүйелердің қуатын шектеп келген еді. Енді олар заманауи технологияларға негізделген жаңа қорғаныс шараларымен алмастырылады.
FCC мәлімдемесіне сәйкес, ондаған жылдар бойы қолданыста болған тәртіп операторлардың тұтынушыларға жоғары жылдамдықты қызметтерді ұсыну мүмкіндігін шектеген. Бұл өзгеріс «SpaceX» және «Amazon» компанияларының жерсеріктік интернет жылдамдығын айтарлықтай арттыруға бағытталған.
Комиссия деректеріне қарағанда, дәл сол жерсеріктер санын пайдалана отырып, желінің өткізу қабілетін 100-700 пайызға арттыру мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ, «Starlink» өзінің жерсеріктік интернетін Гибралтарда іске қосқанын жариялады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!