SNAPPY нейтрино детекторы ғарышқа сәтті ұшырылды

Ғарыштағы алғашқы нейтрино детекторы болып табылатын SNAPPY, SpaceX зымыранының көмегімен орбитаға шығарылды. CAS500-2 миссиясы аясында жүзеге асырылған бұл жоба іргелі астрофизика саласында үлкен серпіліс жасайды деп күтілуде, өйткені бұған дейін мұндай тәжірибелер тек Жер жағдайында ғана өткізілген. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Нейтрино бөлшектері ғаламдағы ең «ұстауға қиын» бөлшектер болып саналады. Олар заттармен іс жүзінде әрекеттеспейді және планеталар мен жұлдыздардың ішінен ізім-ғайым өтіп кетеді. SNAPPY жобасы Kongsberg NanoAvionics компаниясының ықшам CubeSat платформасы негізінде жасалған және NASA ғылыми орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Миссия аясында тағы екі маңызды аппарат орбитаға шығарылды. QUBE II серігі кванттық кілттерді тарату технологиясын сынақтан өткізсе, Eycore-1 радары ауа райы жағдайына қарамастан Жер бетін жоғары дәлдікпен суретке түсіруге мүмкіндік береді.
Kongsberg NanoAvionics компаниясы 60-тан астам серігін сәтті ұшырып, ғарыш индустриясындағы жетекші орнын нығайтты. Егер SNAPPY тәжірибесі өзін ақтаса, ғалымдар Күннің түбіндегі процестерді тікелей бақылауға және нейтрино астрономиясында жаңа дәуірді бастауға мүмкіндік алады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!