date

Өзбекстан Президенті DFC корпорациясының басшысын қабылдады

Өзбекстан Президенті DFC корпорациясының басшысын қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Вашингтонға сапарының іскерлік бағдарламасы аясында 6 қарашада АҚШ-тың Халықаралық қаржылық даму корпорациясының (DFC) бас директоры Бен Блэкті қабылдады.

DFC - АҚШ-тың ұлттық даму институты, дамушы елдерде инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру үшін жеке капиталды жұмылдырумен айналысады.

Кездесуде жоғары деңгейдегі белсенді диалогтар мен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқаны атап өтілді. Энергетика, маңызды минералдар, қаржы, көлік, ауыл шаруашылығы және IT салаларында бірлескен ірі бастамалар пысықталуда.

Практикалық серіктестікті тереңдетуге ерекше назар аударылды. Басым жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен инвестициялық платформа құруды жеделдету, шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ Ташкент қаласында корпорацияның аймақтық кеңсесін ашу бойынша нақты шаралар қаралды.

Мемлекет басшысы корпорацияның инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан Президенті DFC корпорациясының басшысын қабылдады