date

Қазақстанда аналар өлімі 25% азайды


Өзбекстанда 2025 жылдың қараша айына қарай аналар өлімі деңгейі 25 пайызға төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Элмира Баситханова мәлімдеді.

Оның болжамы бойынша, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 30 пайызға жетуі мүмкін. Бұл мәлімдеме Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Өмірдің салауатты бастауы – бақуатты болашақ кепілі» бағдарламасының қорытындысына арналған іс-шарада айтылды.

Көрсеткіштердің жақсаруына жүктілік кезінде әйелдерде ауруларды ерте анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау шаралары ықпал етті. Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық әріптестерімен бірге ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастыруда.

2025 жылдың қорытынды статистикалық деректері 2026 жылдың басында жарияланады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі аналар өлімінің көпшілігінің алдын алуға болады, егер босануға дейін, босану кезінде және одан кейін сапалы медициналық көмек көрсетілсе.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қазақстанда аналар өлімі 25% азайды