date

Ауғанстанда интернет толығымен үзілді

Ауғанстанда интернет толығымен үзілді

29 қыркүйекте Ауғанстан аумағы толығымен интернеттен ажыратылды. Бұл туралы халықаралық веб-мониторинг қызметі NetBlocks өз қорытындысын жариялады.

"Қазіргі уақытта елде интернеттің толық жоғалуы байқалады. Таңертең кейбір желілер біртіндеп жабылды, қазір бұл шектеулер телефон қызметтеріне де әсер етуде," - делінген ақпаратта.

NetBlocks-тың айтуынша, бұл шара Талибанның "әдепсіздіктің алдын алу" саясатымен негізделген. Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын қозғалыс интернетке кіруді шектеу ниетін жариялаған болатын. Шенеуніктер бұл бағытта "ақпарат қажеттілігін қанағаттандыру үшін басқа да балама жолдар жасалады" деп мәлімдеді.

Алайда сарапшылар бұл шешім елдегі ақпарат еркіндігін одан әрі шектейді, білім беру, кәсіпкерлік және күнделікті өмірге елеулі соққы береді деп санайды. Әсіресе, онлайн-білім беру арқылы оқуға мүмкіндігі бар қыздар мен әйелдер үшін мүмкіндіктер одан әрі қысқарады.

Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Ауғанстандағы бұл шешімді қатаң сынға алды. Олар мұны азаматтардың ақпарат алу құқығына бағытталған шабуыл деп бағалады.

Үкімет интернеттегі үзілістің қанша уақытқа созылатынын әлі жариялаған жоқ. Алайда бақылаушылар бұл саясаттың ұзаққа созылуы мүмкін деп алаңдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ауғанстанда интернет толығымен үзілді