New York Times басылымының мәліметінше, АҚШ аумағындағы жүзге жуық ирандық азамат елден шығарылды. Депортация үдерісін Трамп әкімшілігі жүзеге асырғаны айтылады.
Дереккөздердің айтуынша, арнайы чартерлік ұшақ дүйсенбі күні кешке Луизиана штатының аумағынан ұшқан. Рейс Қатар арқылы өтіп, сейсенбі күні Иранға жетеді деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта депортацияланған адамдардың нақты саны мен олардың құқықтық мәртебесі туралы толық ақпарат берілмеген. Алайда сарапшылар бұл жағдайды екі ел арасындағы күрделі қарым-қатынастар мен саяси шиеленістің аясында орын алған деп түсіндіреді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар