date

Қытайда мьянмалық беделді отбасының 11 мүшесі өлім жазасына кесілді

Қытайда мьянмалық беделді отбасының 11 мүшесі өлім жазасына кесілді

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Вэнчжоу аралық халық соты Мьянманың Кокканг қаласындағы беделді Мин отбасына жататын 11 адамды өлім жазасына кесті. Бұл отбасы мен олардың серіктестері заңсыз құмар ойын ұйымы арқылы ірі көлемдегі алаяқтықпен айналысқан және кісі өлтіру оқиғаларына қатысы бар деп танылды.

Деректерге қарағанда, отбасы 1,4 миллиард доллардан астам заңсыз қаражат айналымына ие болған. Олар сондай-ақ "бұйрыққа бағынбаған қызметкерлерді" жою арқылы өз қылмыстық синдикатында тәртіп орнатты.

Сот үкімі бойынша тағы бес айыпталушыға екі жылға шартты түрде өлім жазасы тағайындалды. Қытай заңнамасында мұндай жаза көбінесе өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылады. Сонымен қатар тағы 12 адам бес жылдан жиырма төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға Қытай үкіметі заңсыз онлайн құмар ойындар мен трансұлттық алаяқтыққа қарсы күресте қатаң шаралар қолданып жатқанын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытайда мьянмалық беделді отбасының 11 мүшесі өлім жазасына кесілді