date

Жер бетінде қанша миллионнан астам адам баспанасыз екені анықталды

Жер бетінде қанша миллионнан астам адам баспанасыз екені анықталды

Әлем халқының сегізден бірі бейресми үйлерде тұрады.

БҰҰ баспанасыздық мәселесі бүкіл планетаны қамтығанын мәлімдеді.

БҰҰ-ның соңғы есебінде хабарланғандай, әлемде 300 миллионнан астам адам баспанасыз, яғни тұрақты мекен-жайсыз өмір сүруде. Сонымен қатар, планета тұрғындарының әрбір сегізінші бөлігі бейресми елді мекендерде тұруға мәжбүр. Бұл туралы ұйым өз мәлімдемесінде хабарлады.

Деректерге сүйенсек, тұрғын үй мәселесі тек дамушы немесе кедей елдермен шектелмейді. Мысалы, экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында мыңдаған жастар үй сатып ала алмайды. Жалдау бағасының өсуі және жалақының тұрақты өспеуі бұл мәселені одан әрі қиындатады.

БҰҰ жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісін "Дүниежүзілік мекендеу күні" ретінде атап өтеді. Бұл дата әрбір адамның лайықты тұрғын үйде тұру құқығына назар аударуды және қалалар мен елді мекендерді тұрақты дамыту қажеттілігін әлемдік қоғамдастыққа еске салуды көздейді.

2025 жылғы Habitat күні "Дағдарыс үшін қалалық шешімдер" ұранымен өтеді. Ұйым осы арқылы мәжбүрлі қоныс аудару, баспана жетіспеушілігі және баспанасыздық мәселелеріне кең ауқымды шешімдер ұсынуды мақсат еткен.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз үндеуінде мыналарды атап өтті:

"Бүгінде қақтығыстар, саяси тұрақсыздық және климаттың өзгеруі салдарынан 123 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олар қауіпсіздік пен тұрақтылықты іздеп, халқы тығыз орналасқан қалаларға немесе ауылдарға барады."

Гутерриш атап өткендей, дәл осы қалалар бұл мәселелерге тиімді шешім ұсына алады. Негізгі бағыт инфрақұрылымды дамыту, қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын кеңейту және әлеуметтік қорғау тетіктерін күшейту болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның алдыңғы есебіне сәйкес, әлемде 733 миллион адам аштықтан зардап шегуде. Сонымен қатар, күн сайын бір миллиардтан астам жарамды азық-түлік лақтырылады. Бұл мөлшердегі тамақ аштықтан қиналған әрбір адамды кемінде бір рет тойдыруға жеткілікті екені айтылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Жер бетінде қанша миллионнан астам адам баспанасыз екені анықталды