date

Бангладеш балықтарды қорғау үшін әскери кемелер шығарды

Бангладеш балықтарды қорғау үшін әскери кемелер шығарды

Бангладеш үкіметі ұлттық балық - хильсаны заңсыз аулаудан қорғау үшін әскери кемелер мен патрульдік тікұшақтарды тартты. Бұл туралы Қорғаныс күштері хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, жыртқыш жыл сайын жұмыртқа салу үшін Бенгал шығанағынан өзендерге қарай жылжиды. Сондықтан билік 4 октябрьден 25 октябрьге дейін балық аулауға 3 апталық тыйым салған. Осы кезеңде 17 әскери кеме мен патрульдік ұшақтар тәуліктік бақылауда.

Хилса - Бангладеште сүйікті тағамы ғана емес, миллиондаған адамның негізгі табыс көзі. Дакка базарларында бұл балықтың бір келісі 2 200 текеге (18,4 доллар) сатылады. Мамандардың пікірінше, климаттың өзгеруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі балық санына әсер етуде.

WorldFish ұйымының маманы Абдул Вахабтың айтуынша, әскери кемелер орнына дрондарды қолдану тиімдірек болар еді. Үкімет тыйым кезінде әр балықшы отбасына 25 кг күріш таратты, бірақ балықшылар бұл көмекті жеткілікті деп санамайды.

"Бұл үш апта біз үшін ауыр, өйткені басқа табыс жоқ," - деді балықшы Саттар Маджи.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Бангладеш балықтарды қорғау үшін әскери кемелер шығарды