date

Сауд Арабиясы Умра ережелерін жеңілдетті

Сауд Арабиясы Умра ережелерін жеңілдетті

Сауд Арабиясы үкіметі Умра сапарына қатысты маңызды жаңалықты жариялады - енді елге кіру үшін берілген визалардың барлық түрлерінің иелері қасиетті Мекке мен Медина қалаларында Умра ғибадатын орындай алады. Бұл туралы Сауд Арабиясының ақпарат агенттігі "Қажылық және Умра" министрлігінің мәліметіне сүйенеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, туристік, қызметтік, еңбек, отбасылық, жеке және тіпті транзиттік (стоповер) визалармен кірген азаматтар да Умра рәсімдерін орындауға құқылы болады. Енді олар Сауд Арабиясына кірген сәттен бастап зиярат жасау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл реформалар Сауд Арабиясы үкіметі тарапынан соңғы жылдары зияратшыларға жасалған қолайлылық жүйесінің жалғасы болып табылады. Елде "Нусук Умра" деп аталатын заманауи цифрлық платформа іске қосылды, ол арқылы зияратшылар қонақүй, көлік және зиярат қызметтерін онлайн режимінде тапсырыс бере алады.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тек діни зияраттарды жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар елге келетін туристердің санын арттыруға бағытталған. Бұл Сауд Арабиясының "Vision 2030" бағдарламасында белгіленген туризм және діни салаларды дамыту бағыттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, жаңа тәртіпке сәйкес, Умра амалдарын орындағысы келетін әрбір зияратшы "Нусук" платформасы немесе ресми туроператор арқылы алдын ала тіркелуі керек.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Сауд Арабиясы Умра ережелерін жеңілдетті