date

Түркияда ішіндегі есірткіні тасымалдаған ирандықтар ұсталды

Түркияда ішіндегі есірткіні тасымалдаған ирандықтар ұсталды

Түркияның Ушак провинциясында жүргізілген арнайы операция барысында есірткі сатумен айналысқан бірнеше Иран азаматтары ұсталды. Бұл туралы елдің есірткіге қарсы күрес басқармасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, операция кезінде күдіктілерден 1,5 келіден астам метамфетамин тәркіленген. Заттың бір бөлігі олардың тұрғылықты жерінен табылған, ал қалған бөлігін қылмыскерлер ішінен алып өтуге тырысқан.

Ресми мәліметтерге қарағанда, шара Ираннан Түркияға есірткі заттарын әкелуге қатысты барлау мәліметтеріне негізделген. Бақылау барысында 3 күдіктінің Ираннан Измирдегі Аднан Мендерес әуежайына жетіп, кейін таксимен Ушак облысына барғаны анықталды.

Ұсталғандар медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Рентгендік зерттеу нәтижесінде олардың асқазанында метамфетамин капсулаларының бар екені анықталды. Сот Иран азаматтарын қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Түркияда ішіндегі есірткіні тасымалдаған ирандықтар ұсталды