date

Google бұғатталған блогерлерге YouTube-те екінші мүмкіндік берді

Google бұғатталған блогерлерге YouTube-те екінші мүмкіндік берді

YouTube "Second Chance" ("Екінші мүмкіндік") атты жаңа бағдарламаны жариялады, деп хабарлады компанияның ресми блогында. Оған сәйкес, арналары бұғатталған авторлар бұғатталғаннан кейін бір жыл өткен соң өз қызметін қалпына келтіру үшін өтініш бере алады.

Бұл апелляция емес, ережелерді бұзған және шағымдану мүмкіндігін аяқтаған пайдаланушыларға арналған бастама. Өтініштер әр жағдай бойынша жеке қаралады - блогердің бұрынғы қателіктері мен YouTube қауымдастығының ережелері ескеріледі.

Өтініш қабылданса, автор жаңа арна ашып, бұрын жасалған видеоларын қайта орналастырып, ақша табуды жалғастыра алады. Бірақ бағдарлама авторлық құқықты бұзған пайдаланушыларға қолданылмайды.

YouTube ақпаратына сәйкес, бағдарлама туралы хабарламалар жақын айларда YouTube Studio арқылы пайдаланушыларға жеткізіледі. Бұл бастама Google-дың АҚШ конгрессмені Джим Джорданға жолдаған хатынан кейін жүзеге асырылуда. Компания бұғаттау саясатын және деректердің дұрыстығын қайта қарауды жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Google бұғатталған блогерлерге YouTube-те екінші мүмкіндік берді