Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі саяси дағдарыс үшін жауапкершілік оппозицияның мойнына жүктелетінін мәлімдеді. Бұл туралы "ТАСС" агенттігі хабарлады.
Макронның айтуынша, үкіметке сенімсіздік вотумын енгізу және қорғаныс министрі Себастьян Лекорнуды тұрақсыздандыру әрекеттерін бастаған саяси күштер орын алған тәртіпсіздік үшін толық жауап беруі керек.
"Бұл жағдай үшін жауапкершілікті дәл осы күштер өз мойнына алады. Мен тұрақтылық пен үздіксіздікті қамтамасыз етуді жалғастырамын," - деді Франция басшысы.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар