date

Ресейде 340 каратты алып алмас табылды

Ресейде 340 каратты алып алмас табылды

Ресейде тағы бір әлемдік деңгейдегі қымбат олжа анықталды - Архангельск облысының аумағында салмағы 340 каратқа тең болған алып алмаз өндірілді. Мамандар бұл тасты қазіргі Ресей тарихында табылған ең ірі бес алмаздың қатарына қосты.

Мәліметтерге қарағанда, тастың өлшемі 50×39,4×24,8 миллиметр болып, ол өнеркәсіптік ауқымда қазып алу барысында табылған ең үлкен табиғи кристалдардың бірі болып табылады. Компания ақпаратында айтылғандай, бұл сирек кездесетін тас өте таза және жоғары мөлдірлікке ие, ал кристалдық құрылымы өте тұрақты.

"Мамандар бұл кристалды сирек кездесетін алмаздар қатарына жатқызды. Олардың мұндай тазалығы мен мөлдірлігі табиғатта өте сирек кездеседі - мұндай тастардың үлесі табиғи алмаздардың тек 2 пайызын құрайды," - делінген ресми хабарламада.

Бұл сирек кездесетін тас Владимир Гриб кен орнында табылған, мұнда алмаз өндіру жұмыстары 2013 жылдан бері жүргізілуде. Кен орны Ресейдің ең ірі өнеркәсіптік нысандарының бірі болып табылады және ол жыл сайынғы өндіру көлемі бойынша елде жетекші орын алады.

Тарихи деректерге сүйенсек, әлемде табылған ең үлкен алмаз - "Куллинан" деп аталатын тас, ол 1905 жылдың 25 январында Оңтүстік Африкада табылған. Салмағы 3106 карат болған бұл тас кейін "Африка жұлдызы" деп аталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресейде 340 каратты алып алмас табылды