date

Макрон: "Отставка туралы сөз болуы мүмкін емес"

Макрон: "Отставка туралы сөз болуы мүмкін емес"

Франция президенті Эммануэль Макрон жақын арада қызметінен кеткісі келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Макронның отставкаға кетуін талап етушілер тек оппозиция қатарынан ғана емес, оның орталықшыл блогындағы кейбір саяси серіктестерінен де шығып жатыр. Бірақ президент елдегі саяси дағдарыс үшін "ымырасыз партиялар" мен "билік үшін күресті бәрінен жоғары қоятын саясаткерлерді" айыптап отыр.

Макронның айтуынша, бұл жағдай "Францияда 1950 жылдардан бері байқалған ең ауыр саяси дағдарыс" болып табылады.

Президент Газадағы бейбітшілік саммиті аясында Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында сөз сөйлеп, елдегі ішкі тұрақсыздықтан аулақ екенін айтты.

Енді Франциядағы саяси тұрақтылықты қалпына келтіру міндеті Макронның одақтасы - жақында қайта тағайындалған премьер-министр Себастьен Лекорнюге жүктелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Макрон: "Отставка туралы сөз болуы мүмкін емес"