Франция басшысы Эммануэль Макрон "Ifop-Fiducial" сауалнамасында алғаш рет "Француздардың сүйікті елу саяси тұлғасы" тізіміне кіре алмаған президент болды. Бұл туралы Paris Match басылымы хабарлады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Макрон 51-орынды иеленіп, Франсуа Байрумен бірдей нәтиже көрсетті - тиісінше 21,5 және 21,9 пайыз оң баға алды.
Бір қызығы, оның бұрынғы президенттері Николя Саркози мен Франсуа Олланд мемлекет басшысы болған кезде ешқашан 43-орыннан төмен түспеген.
Ifop агенттігінің бас директоры Фредерик Дабидің айтуынша, "француз респонденттерінің 78 пайызы бүгінде Макрон туралы теріс пікірде, бұл өткен айдағы 70 пайыздан да жоғары көрсеткіш."
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар