date

Түркияда еркін жұмыс істеу құқығы енді тек этникалық түріктерге беріледі

Түркияда еркін жұмыс істеу құқығы енді тек этникалық түріктерге беріледі

Түркияда жаңадан қабылданған шешім қоғамда түрлі түсініктемелерге себеп болды. Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған жарлық бұрын хабарланғандай барлық түркі елдерінің азаматтарына емес, тек түрік тектес шетелдік азаматтарға ғана қатысты екені белгілі болды.

Ресми мәліметтерге қарағанда, құжат "Түрік тектес шетелдік азаматтардың еркін кәсіби қызметі және Түркияның мемлекеттік және жеке мекемелеріне жұмысқа орналасуы туралы" қаулыны ішінара жаңартады. Енді Түркияда тек түрік ұлтына жататындығы дәлелденген тұлғалар ғана арнайы рұқсатсыз жұмыс істей алады.

Өзбекстанның Түркиядағы елшілігінің түсіндіруінше, бұл шешім Өзбекстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан азаматтарына қолданылмайды. Олар үшін Түркияда еңбек қызметі қолданыстағы заңнама негізінде - жұмыс визасы және рұқсат арқылы жүзеге асырылады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім Түркияның ішкі еңбек нарығын қорғау және жергілікті кадрларға басымдық беру мақсатында қабылданған. Сонымен қатар, болашақта түркі мемлекеттерімен еңбек қатынастарын жеңілдететін жаңа келісімдер жасалуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Түркияда еркін жұмыс істеу құқығы енді тек этникалық түріктерге беріледі