date

Нью-Йорктегі әйел ChatGPT арқылы сотта жеңіске жетіп, қарызынан құтылды

Нью-Йорктегі әйел ChatGPT арқылы сотта жеңіске жетіп, қарызынан құтылды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын кәсіпкер әйел Стейси Деннетт ChatGPT көмегімен 2000 долларлық қарызынан құтылды. Ол адвокат жалдауға мүмкіндігі болмағандықтан, жасанды интеллектіні пайдаланып, сотта өзін-өзі қорғады.

ChatGPT оған қорғау сөзін дайындауға, дәлелдерді дұрыс реттеуге және сотқа дайындалуға көмектесті. Деннетт тіпті ChatGPT-ден "Гарвард профессоры ретінде пікір білдіруді" сұрады және дәлелдерді талдады. Нәтижесінде ол қарызды азайтып, жанжалды бейбіт жолмен шешуге қол жеткізді.

Мұндай жағдайлар АҚШ-та артып келеді. Мысалы, Лос-Анджелестегі Линн Уайт ChatGPT және Perplexity арқылы 73 мың долларлық айыппұлдан құтылды. Тағы бір америкалық Дженнифер Аллан ChatGPT көмегімен 11 мың доллар қарызын жапты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Нью-Йорктегі әйел ChatGPT арқылы сотта жеңіске жетіп, қарызынан құтылды