date

Екі британдық әйел қайықпен Тынық мұхитын бағындырды

Екі британдық әйел қайықпен Тынық мұхитын бағындырды

Британдық саяхатшылар Джесс Роу мен Мириам Пейн тарихта алғаш рет Тынық мұхитын ескекпен толық кесіп өтуге қол жеткізді. Олар Перудің Лима қаласынан Австралияның Кернс қаласына дейінгі орасан зор қашықтықты - шамамен 8 мың мильді (12 875 шақырым) 149 күнде жүріп өтті.

Бұл физикалық және рухани сынақтарға толы сапар әлемдік рекордпен тарихқа еніп қана қоймай, игі мақсатқа да қызмет етті - әйелдер "The Outward Bound Trust" қайырымдылық ұйымының пайдасына 50 мың фунт стерлингтен астам қаражат жинады.

Роу мен Пэйн осы жылдың 5 мамырында ұзақ сапарға шығып, 17 октябрьде діттеген жеріне жетті. Олар саяхат барысында көптеген қиындықтарға тап болды - тұздан болған жарақаттар, су сорғысының бұзылуы, электр қуатының үзілуі және күн батареяларының істен шығуы. Бір кездері Пэйн шалбарының матасынан сүзгі жасап, суды тазарту жүйесін қайта іске қосты.

Саяхатшылар екі сағат сайын кезек-кезек ескек есіп, күндіз-түні тынымсыз қозғалыста болды. Олар күніне шамамен 5000 калория жұмсаған, ал тамақ ретінде кептірілген тағамдармен, сүзбемен және макаронмен шектелген. Кемеде тіпті шалғам мен қырыққабат өсіруге де тырысқан.

Ең қауіпті сәт сапардың сегізінші күні болды - қайық рульден ажырап, Лима жағалауынан 350 миль қашықтықта толқындарда басқарусыз қалды. Олардың бақытына қарай, теңізші Алекс Хьюз көріп, қайықты жөндеуге көмектесті.

Мириам Пейн сұхбатында былай деді: "Кейде біз өзімізді мүлдем жоғалғандай сезіндік, бірақ ескекті көтерген сайын - қайту туралы емес, тек алға жылжу туралы ойладық."
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Екі британдық әйел қайықпен Тынық мұхитын бағындырды