date

Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық тоқтатылды - себебі неде?

Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық тоқтатылды - себебі неде?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің Будапештте өтетін саммитіне дайындық жұмыстары уақытша тоқтатылды. NBC News тілшісі Гаррет Хаакенің Ақ үйдегі дереккөзіне сенсек, Вашингтон екі тарапты да "келіссөздерге әлі дайын емес" деп санайды.

Журналистің айтуынша, Марко Рубио мен Сергей Лавров арасындағы телефон арқылы сөйлесу "өнімді" болғанымен, Трамп келіссөздерді әзірге кейінге қалдыруды жөн көрген. Ақ үй де ресми түрде президенттің Путинмен жақын арада кездесуді жоспарламайтынын растады.

CNN дереккөзі саммиттің кейінге қалдырылуына Ресейдің "шектен тыс максималистік ұстанымы" себеп болғанын жазды. Дереккөздерге қарағанда, Рубио мен Лавровтың Украинадағы жанжалды шешу туралы көзқарастары әртүрлі болған.

Сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігі де бұл туралы түсініктеме берді. Сергей Рябковтың айтуынша, әзірге "мұндай кездесудің нақты уақыты немесе орны туралы келісім жоқ."

Ал Трамп Зеленскиймен кездесуден кейін Украинадағы майдан жағдайын "қазіргі сызықта мұздатуды" ұсынған болатын. Бұл ұсынысты Украина мен Еуропа басшылары мақұлдағанымен, Мәскеу мұны Трамп пен Путиннің бұрынғы келісімдеріне қайшы деп бағалап отыр.

Лавров Вашингтонның шұғыл атысты тоқтату туралы үндеулері жанжалдың түпкі себептерін жабуға тырысу екенін айтты. "Егер сіз жай ғана тоқтасаңыз, тарих шынайы себептерді ұмытып кетеді," - деді ол.

Осылайша, Будапештте күтілетін жоғары деңгейдегі саммиттің тағдыры әзірге белгісіз болып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық тоқтатылды - себебі неде?