date

Нигерияда қарулы топтар 70-тен астам адамды алып қашты

Нигерияда қарулы топтар 70-тен астам адамды алып қашты

Нигерияның Замфара штатындағы екі ауылда қарулы топ мүшелері шабуыл жасап, кем дегенде 73 азаматты тұтқынға алды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, шабуыл Бузугу және Раяу ауылдарында болған. Шабуыл нәтижесінде көптеген тұрғындар жарақат алды. Тергеу басталды, қауіпсіздік күштері оқиға орнына жеткізілді.

Нигерия бірнеше жылдан бері қарулы топтар мен экстремистік топтардың әрекетінен зардап шегіп келеді. Олардың арасында "Боко Харам" және ИШИМ-нің Батыс Африкадағы ISWAP бөлімшесі сияқты ұйымдар бар. Бұл топтар елдің әртүрлі аймақтарында адам ұрлау, жарылыс және лаңкестік шабуылдар жасайды.

Заң бойынша адам ұрлау үшін өлім жазасы тағайындалса да, бұл қылмыс түрі әлі де кең таралған. Қарулы адамдар негізінен елдің солтүстігіндегі ауылдарды, мектептерді және

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Нигерияда қарулы топтар 70-тен астам адамды алып қашты