date

Трамп Путинмен Будапешт кездесуін неге жойды?

Трамп Путинмен Будапешт кездесуін неге жойды?

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте жоспарланған кездесуден бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің ресми YouTube арнасынан жарияланған президенттің сөзінде айтылды, деп жазды Topnews.

Трамп шешім қабылдау кезінде жағдайды жан-жақты бағалағанын және "қазіргі уақытта бұл кездесу дұрыс қадам емес сияқты көрінгенін" айтты. Оның пікірінше, АҚШ қазір Ресейге қатысты "неғұрлым қатаң ұстанымда болуы" керек.

"Мен бұл кездесудің нәтиже бермейтінін сездім, сондықтан оны тоқтаттым. Бірақ болашақта міндетті түрде жүзеге асыруға ниеттімін," - деді Трамп.

Америка басшысы соған қарамастан, Мәскеуге қысымды күшейту ниетін жасырмады. "Ресейге қарсы санкциялар енгізудің уақыты келді," - деді ол сөз арасында.

Сонымен қатар, Трамп Владимир Путин де, Украина президенті Владимир Зеленский де "жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келетінін" атап өтті. "Егер мен президент болған кезде бұл жанжал басталған болса, ол мүлдем болмас еді," - деді ол Украинадағы соғыстың "төртінші жылға таяп қалғанын" еске алып.

Америка басшысы екі тарапты да "атыс-шабысты тоқтатып, қазіргі сызықта қалып, үйлеріне қайтуға" шақырды. Оның айтуынша, Вашингтонның басты мақсаты "сөзсіз бейбітшілік" пен "ахуалды бәсеңдету" болып қалуда.

Қару-жарақ мәселесіне ерекше тоқталған Трамп тек АҚШ-тың "Томагавк" қанатты зымырандарын басқару технологиясы бар екенін атап өтіп, "оларды басқа елдерге беру ниеті жоқ" екенін айтты. "Біз оларды қажет болған жағдайда ғана қолдана аламыз, бірақ мұны істегіміз келмейді," - деді ол.

Бұған дейін америкалық баспасөз АҚШ-тың Украинаға "Tomahawk" зымырандарын жеткізуді техникалық себептерге байланысты кешіктіріп жатқанын хабарлаған еді.

Трамп Будапешт саммиті туралы соңғы шешімді "жақын екі күнде қабылдайтынын" айтқанымен, кездесу кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто "Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі сөзсіз өтеді, мәселе тек оның күнінде," - деп түсіндірді.

CNN телеарнасының дереккөздеріне сенсек, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио арасындағы әңгімеден кейін Вашингтон "Мәскеудің ұстанымы өзгермегенін" түсінген. Сондықтан алдағы апталарда саммиттің өтуі "аз ықтимал" деп бағалануда.

РИА Новости агенттігі Ақ үйдегі дереккөздеріне сүйене отырып, Трамп кеңесшілермен кездесу мәселесін талқылағанын, бірақ "қазір келіссөздер жүргізетін уақыт емес" деген шешімге келгенін хабарлады.

Айта кетейік, 16 октябрьде Трамп пен Путин екі сағат бойы телефон арқылы сөйлесті. Президент Трамп "келіссөздің нәтижелі болғанын" айтып, Будапештте кездесу өткізу ниетін білдірген еді.

Сонымен қатар, АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент президенттің келіссөздер барысына "әзірге қанағаттанбағанын" атап өтті. "Президент қазіргі үдерістен көңілі қалғанын жасырмады," - деді ол.

Трамп соңында былай деп қорытындылады: "Біз жанжалдың аяқталғанына үміттенеміз. Бірақ бұл қысымсыз, сөзсіз және күш қолданбай жасалуы керек."

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Путинмен Будапешт кездесуін неге жойды?