date

Дональд Трамп үшінші президенттік мерзімі туралы айтты

Дональд Трамп үшінші президенттік мерзімі туралы айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп ел Конституциясы екі реттен артық президенттікке сайлануға тыйым салғанына қарамастан, үшінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігін жоққа шығармады, деп жазды The Independent. Ол бұл туралы журналистермен сұхбат кезінде мәлімдеді.

Тілшілердің бірі одан "Конституциядағы шектеуге қарсы сотқа шағымданасыз ба?" деп сұрағанда, Трамп бұл туралы әлі қатты ойланбағанын айтты. Сонымен қатар, ол өзінің рейтингтік көрсеткіштері туралы айтып, "Мен сауалнамаларда тарихтағы ең жоғары нәтижелерге ие адаммын. Егер халық қаласа, мен мұны қуана-қуана орындаймын," - деп жауап берді.

Сондай-ақ Трамп алдағы сайлауда республикашылдар қатарынан вице-президент Джей Ди Вэнс немесе мемлекеттік хатшы Марко Рубио сияқты тұлғалар да үміткер болуы мүмкін екенін айтты. Дегенмен ол өзінің саяси әлеуеті мен тәжірибесі әлі де жоғары екенін айтып, "мен Америкаға бейбітшілік әкелген президентпін" деген пікір білдірді.

Ақпарат үшін, АҚШ Конституциясына енгізілген 22-түзетуге сәйкес, ел азаматы екі реттен артық президент болып сайлана алмайды. Бұл норманы бұзу үшін конституциялық өзгеріс енгізу қажет.

Трамп бұл шектеуді тарихи және саяси тұрғыдан қайта қарау керектігін айтып, "мен сегіз соғысты тоқтаттым және миллиондаған адамның өмірін сақтап қалдым. Егер халық маған тағы да сенсе, неге сенбейді?" деген пікір білдірді.

Сонымен қатар, саяси сарапшылардың пікірінше, Трамптың үшінші мерзім идеясы жүзеге асуы үшін АҚШ-та кең ұлттық консенсус қажет. Конституцияға өзгерістер енгізу ең күрделі үдерістердің бірі болып табылады және оны Конгрестің екі палатасы және барлық штаттардың кемінде үштен екісі мақұлдауы керек.

Бұл пікірлер қоғам арасында қызу талқылауға себеп болды. Кейбір саясаттанушылар Трамптың бұл мәлімдемесін саяси PR немесе сайлауалды стратегия ретінде бағаласа, басқалары оның шынымен де үшінші мерзімге үміткер болуы мүмкін екенін айтуда.

Саяси бақылаушылардың айтуынша, Трамптың мұндай мәлімдемесі Американың саяси сахнасында жаңа кезеңді бастауы мүмкін. Оның жақтастары оны "ұлы реформатор" деп атайды, ал сыншылары "демократиялық дәстүрлерге қауіп төндіреді" деп бағалайды.

Осылайша, Дональд Трамптың үшінші президенттік идеясы әзірге тек саяси пайым деңгейінде болса да, бұл тақырыптағы пікірталастар АҚШ-тағы келесі сайлау алдындағы ең қызықты пікірталастардың біріне айналды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Дональд Трамп үшінші президенттік мерзімі туралы айтты