date

Шешенстанда жерлеу рәсімі кезінде қайғылы жағдай болды

Шешенстанда жерлеу рәсімі кезінде қайғылы жағдай болды

Шешенстанның Гудермес ауданында жерлеу рәсімі кезінде қайғылы жағдай болды - жеке үйдің ағаш балконының құлауы салдарынан 20 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы ресейлік БАҚ дереккөздеріне сілтеме жасап Report агенттігі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар жерлеу рәсімін биіктен бақылау үшін үйдің балконына шыққан. Бірақ балконы көп адамның салмағына шыдамай, құлап қалды.

Оқиғадан кейін медицина қызметкерлері зардап шеккендерді жедел жәрдем көліктерімен ауруханаға жеткізді. Мәліметтерге қарағанда, олардың кейбіреулері жеңіл, кейбіреулері орташа дәрежеде жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері зерттелуде, мамандар балконның техникалық жағдайы мен құрылыс сапасына тексеру жүргізуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Шешенстанда жерлеу рәсімі кезінде қайғылы жағдай болды