Трамптың Minecraft кейіпкері жарияланды

Трамптың Minecraft кейіпкері жарияланды

Ақ үй Дональд Трамптың Minecraft ойынындағы кейіпкерінің суретін жариялады. Суретте «Американың ең про-геймер Президенті!» деген жазу да бар.

Бұл сурет АҚШ-тағы цифрлық технологиялар мен бейнеойындар саласындағы салықтық жеңілдіктерді баяндаған жазбаға жауап ретінде орналастырылды. Салықтық жеңілдіктер бейнеойындар өндірісінің көлемін арттырды.

Minecraft — куб тәрізді блоктардан құралған және "sandbox" жанрына жататын ойын. Бұл ойында ойыншылар құрылыс, зерттеу, шайқас және тірі қалу сияқты түрлі тапсырмаларды орындауы мүмкін.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар