date

Финляндия үй телефоны дәуіріне ресми түрде нүкте қояды

Финляндия үй телефоны дәуіріне ресми түрде нүкте қояды

Финляндияда ХХ ғасырда техникалық прогрестің символына айналған стационарлық телефон байланысынан толық бас тарту туралы шешім қабылданды. Елдегі ірі операторлардың бірі - Elisa компаниясы 2026 жылдың 30 июніне дейін аумақ бойынша барлық стационарлық телефон желілерін толығымен тоқтататынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл қызметті пайдаланатын абоненттер саны бірнеше мың екені айтылады.

Yle хабарлауынша, 2026 жылдың апрель айының соңында тұтынушыларға қалалық телефонның үзілуі туралы ескерту хаты жіберіледі. Онда байланыс қызметін ауыстыру бойынша балама шешімдер де ұсынылады. Компанияның айтуынша, абонемент аяқталғаннан кейін де үй телефонының нөмірін сақтап қалу мүмкіндігі бар - ол нөмір мобильді желіге ауыстырылуы мүмкін.

Финляндияда тағы екі ірі байланыс операторы - Telia және DNA да стационарлық қызметті кезең-кезеңімен аяқтайтынын мәлімдеген еді. Telia бұл бағыттан 2019 жылы бас тартты, ал DNA 2021 жылдан бастап оны біртіндеп қысқарта бастады. Жергілікті басылымдар мұны үй телефоны адамдар мен отбасылар арасындағы негізгі байланыс құралы болған дәуірдің аяқталуы ретінде бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Финляндия үй телефоны дәуіріне ресми түрде нүкте қояды