date

Ирандағы шерулер: СІМ басшысы ресми сандарды жариялады

Ирандағы шерулер: СІМ басшысы ресми сандарды жариялады

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдегі жаппай наразылық шерулері кезінде қаза тапқандардың саны 3117-ге жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құрбандардың 2427-і бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері, тағы 690-ы "террористер" қатарына жатқызылған.

Арагчи тәртіпсіздіктер кезінде ауқымды қирандылар болғанын айтты. Атап айтқанда, 305 жедел жәрдем көлігі мен автобус, 24 жанармай құю бекеті, 700 сауда дүкені, 300 жеке үй, 750 банк, 414 мемлекеттік мекеме, 749 полиция бөлімі және 120 Басидж орталығы зардап шеккен.

Сондай-ақ 200 мектеп, 350 мешіт, 15 кітапхана, 2 армян шіркеуі, 253 автобус аялдамасы, 600 банкомат және 800 жеке автокөлік қирағаны айтылды.

Мәлім етілгендей, жаппай наразылық шаралары желтоқсан айының соңында елдегі экономикалық жағдайға наразылықтан басталған. Иран билігі бұл тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруда АҚШ пен Израильді айыптап отыр. Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп шерулер қатаң түрде басылса, республикаға соққы берілуі мүмкін екенін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ирандағы шерулер: СІМ басшысы ресми сандарды жариялады