6 құпия қойма: Эпштейн іздерін шын мәнінде қайда жасырды

Джеффри Эпштейн тергеушілерден жасыруға болатын дәлелдерді — компьютерлерді, фотосуреттерді және басқа материалдарды — сақтау үшін АҚШ бойынша кемінде 6 қойманы жалға алған.
Басылым қолға түсірген құжаттарда оның Флоридадағы үйінен жабдықтар мен техниканы шығару үшін тіпті жеке детективтерді де жалдағаны айтылған. Бұл жағдай Эпштейн ықтимал тінтулердің алдында “із қалдырмауға” тырысып, кейбір заттарды сыртқы қоймаларға көшірген болуы мүмкін екенін көрсетеді.
2003 жылдан 2019 жылға дейін төлемдер тоқтамаған
The Telegraph келтірген мәліметтерге сәйкес, Эпштейн кемінде бір қойманы 2003 жылдан бастап жалға алған, ал несие картасы бойынша түбіртектер қоймалар үшін төлемдердің 2019 жылға дейін — яғни оның қайтыс болған жылына дейін — тұрақты түрде жүргізілгенін көрсетеді.
Ең көп талқыланып жатқан жайт: АҚШ билігі бұл сыртқы қоймаларды тексермеген болуы мүмкін. Сондықтан ол жерде әлі ашылмаған, көпшілікке шықпаған материалдар қалуы ықтимал деген әңгімелер күшейіп отыр.
DoJ үлкен пакет жариялады, бірақ сұрақтар қалды
Бұл тақырыпқа қоғам назарынның артуы да бекер емес. U.S. Department of Justice 2025 жылдың соңында қабылданған құжаттардың ашықтығына қатысты заң талаптары аясында 2026 жылғы 30 қаңтарда үлкен көлемдегі материалдарды жариялағанын мәлімдеді — жалпы көлемі шамамен 3,5 миллион бетке дейін жетуі мүмкін екені айтылған.
Осы фон аясында The Telegraph көтерген “қоймалар” мәселесі тағы бір сұрақты алға тартады: егер сыртқы қоймаларда шынымен де бұрынғы жылдарға қатысты материалдар сақталған болса, олар жалпы жарияланған пакетке кірді ме, кірмеді ме? Әзірге бұл жөнінде нақты жауап жоқ.