Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы зымыран бағдарламасын басқарады

Солтүстік Кореяда ел басшысының қызы мемлекеттік және әскери құрылымдарда барған сайын белсенді көріне бастады. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жасөспірім қыз зымыран бағдарламасына қатысты құрылымның қызметін басқарады.
Newsweek басылымының жазуынша, КХДР басшысы Ким Чен Ын 13 жастағы қызы Ким Чжу Эге зымыран өндірісімен айналысатын басқармада жауапты қызметті тапсырған. Дереккөздің айтуынша, бұл шешім оның саяси-әскери аренадағы рөлін нығайтуға қызмет етеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам ықтимал мұрагерді мемлекеттік басқару және армия жүйесіне біртіндеп тарту стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада бұл процесс оның Корея халық армиясындағы ықпал ету аясын кеңейтуге бағытталғаны айтылады.
Сондай-ақ, барлау мәліметтеріне сүйене отырып, кейбір әскери есептер тікелей Ким Джу Эге ұсынылып жатқаны айтылды. Мұндай жағдайлар КХДР тәжірибесінде болашақ көшбасшыны дайындаудың белгісі ретінде бағаланады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея дереккөздері Ким Чен Ын билікті қызына беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!