Иранда қаза тапқандар саны 555 адамға жетті

Израиль мен АҚШ-тың бірлескен әскери операциясы басталғалы бері Иранда қаза тапқандар саны 555 адамға жетті, деп хабарлады aniq.uz. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамы хабарлады.
Мәлімдемеде екі күн бұрын басталған шабуылдар салдарынан бүкіл ел бойынша жүздеген адам қаза тапқаны айтылған. Ресми мәлімет бойынша, құрбандар саны 555 адамды құрайды.
Сондай-ақ шабуылдар салдарынан 131 қалада қирату мен түрлі деңгейдегі зақымдар байқалды. Инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлерге елеулі зақым келгені айтылады.
Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, бір күн бұрын шабуылдар салдарынан 201 адам қаза тауып, 747 адам жарақат алғаны хабарланған еді. Құрбандар саны артып келе жатқаны айтылады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз