Forbes әлемнің ең бай бестігін жариялады

Forbes әлемнің ең бай адамдарының кезекті рейтингін жариялады. Оған сәйкес, кәсіпкер Илон Маск екінші жыл қатарынан тізімде бірінші орынды сақтап қалды.
Tesla, SpaceX компанияларының негізін қалаушы, сондай-ақ X әлеуметтік желісінің иесі болған Масктың байлығы 839 миллиард долларға жетті. Оның капиталы, әсіресе, xAI стартабына салынған инвестициялар мен SpaceX компаниясының жетістіктері арқасында айтарлықтай өсті.
Рейтингте екінші орынды Google-дің негізін қалаушы Ларри Пейдж 257 миллиард доллар байлығымен иеленді. Үшінші орында Google-дың тағы бір негізін қалаушы Сергей Брин 237 миллиард доллармен орналасқан. Одан кейін Amazon негізін қалаушы Джефф Безос 224 миллиард доллармен төртінші, ал Meta иесі Марк Цукерберг 222 миллиард доллармен бесінші орынды иеленді.
Биылғы тізімге барлығы 3428 миллиардер енгізілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 адамға көп. Олардың жалпы байлығы 20,1 триллион долларды құрайды. Алғашқы ондықтағы миллиардерлердің жалпы капиталы 2,6 триллион долларға бағаланған.
Сарапшылардың айтуынша, SpaceX компаниясы жақын жылдары акцияларын жария саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Егер бұл процесс сәтті жүзеге асса, Илон Масктың байлығы одан әрі артып, ол тарихта 1 триллион доллар капиталға ие болған алғашқы адамға айналуы мүмкін.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!