АҚШ Таяу Шығысқа 5 мың теңіз жаяу әскерін жібереді

АҚШ Таяу Шығыстағы әскери дайындығын одан әрі күшейтуге кірісті. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
The Wall Street Journal-дың АҚШ ресмилеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Пентагон Хормуз бұғазында Иран тарапынан шабуылдардың күшеюіне байланысты Таяу Шығысқа теңіз жаяу әскерлерінің экспедициялық бірлестігі мен қосымша соғыс кемелерін жіберіп жатыр.
Хабарларға қарағанда, Пентагон басшысы Пит Хегсет АҚШ Орталық қолбасшылығының аймаққа десанттық кемелер тобының бір бөлігін және оған бекітілген теңіз жаяу әскері экспедициялық батальонын жіберу туралы өтінішін мақұлдаған.
Әдетте мұндай әскери бірлестіктің құрамында бірнеше жауынгерлік кеме және шамамен 5000 теңіз жаяу әскері болады. Олардың негізгі міндеті - аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал қауіп-қатерлерге жедел жауап беру.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Таяу Шығыстағы жағдайдың барған сайын шиеленісіп бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе, Ормуз шығанағы төңірегінде орын алуы мүмкін кез келген қақтығыс әлемдегі мұнай жеткізу жолдарына да айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!